Ресейде сәуірдің 22-де Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өтпек

15.03.2020

Ресей президенті жылдың басында Конституциясына өзгерту енгізу туралы ұсыныс айтып, бірден комиссия құрылған. Сарапшылар Путиннің 2024 жылы өкілеттігі аяқталатын, ал қолданыстағы заңға сәйкес, сайлауға түсе алмайтынын ескеріп, «Конституцияға өзгеріс билікті қалай сақтап қалуға байланысты» деген. Бірақ «мемлекеттік кеңестің, парламенттің рөлін күшейту» сияқты ұсыныстар жинақталғанымен, бір дүниенің айтылмай тұрғаны анық етін.

Аптада Ресей мемлекеттік думасының депутаты В.Терешкова «Конституцияға өзгерістер енгізейік деп отырмыз, неге В.Путинге 2024 жылдан кейін сайлауға түсуге тыйым салатын тыйымды алып тастамасқа?!» деген ұсыныс білдірді. Дума жетекшілері Ресей президентінің ойын білуге отырысты тоқтатты. В.Путин Думаға келіп тұрып, жауап берді: «Иә» деді. Конституциялық кеңес «Конституцияға қайшы деп таппаса» деп қосты. Сонымен Ресейде сәуірдің 22-де Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өтеді. Егер Путиннің 2024 жылға дейінгі мерзімі нөлге теңестірілсе, бұл – ресейліктердің өздері айтып, жазып жатқан теңеу, ол 2036 жылға дейін президент қызметін атқара алады.

Айтпақшы, әйелдердің арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер Валентина Терешковаға ресейлік әлеуметтік желілерде «Бірінші ұшырылымыңыз нөлге теңестірілді, қайтадан ұшыңыз!» деген сарказмға толы мемдер шықты.


Хабарламаларға жазылу