Өткен түнде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ – ҚР ДСМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен түнде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ – ҚР ДСМ

14.03.2020
Өткен түнде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ – ҚР ДСМ

Өткен түнде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.

«Құрметті қазақстандықтар, өткен түнде елімізде коронавирус инфекциясымен ауырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл дертпен ауырған адам саны – 4. Олар дәрігерлердің қатаң қадағалауында карантинде жатыр. Бұл кісілермен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынды. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу