Елорда теміржолында дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда теміржолында дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатқан

13.03.2020

Темір жолшылар да поезд вагондарын жаппай заласыздандыру жұмыстарына кірісіп кетті.

Өңдеуден кейін препараттардың вирусты жоюға арналған уақытын сақтауға ерекше мән беріліп отыр. Мәселен, қарапайым бактерияларды жою үшін 30 минут қажет болса, енді індеттің алдын алу мақсатында химиялық заттар шашылғанан кейін екі сағат күту міндет. Өйткені, арнайы таблеткалар суда еруі үшін ұзақ уақыт керек.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда қоғамдық орындарды да заласыздандыру басталды. Дезинфекция жасайтын компаниялар халық көп жиналатын жерлерде химиялық тазалау жұмыстарын жасауға дайын. Вирусқа қарсы қолданылатын абактерил химиялық сұйықтығымен арнайы аппарат арқылы 1 сағат ішінде кез келген мекемені өңдеуге болады.

Аружан ДӘРІБАЙ


Хабарламаларға жазылу