Короновирус көп таралған бірінші, екінші үшінші санатқа жататын 17 елге шығуға тыйым салынды. Олардың ең қауіптісі бірінші а және бірінші б санатындағы Қытай, Италия, Иран, Оңтүстік Корея және Франция, Германия, Испания мемлекеттері. Қазақстан бұдан өзге де Түркия, Украина, Венгрия, Польша сияқты 10 шақты елге жиі ұшатын рейстердің санын азайтты. Осы шектеу қойылған елдерге баратын жолаушылардың билет құны толық қайтарылады. Оған Үкімет мүшелері кеше кепіл берген. Сондай-ақ, президент пәрмен берген негізгі тапсырмаларды тағы бір естеріңізге сала кетсек. Халықаралық әуе рейстері қысқарады. Шетелдегі қазақстандық студенттер мемлекет есебінен елге қайтарылады. Бүгінен бастап ауқымды шараларға шектеу қойылады. Оқушылар демалысы ерте басталады. Орта және жоғары оқу орындары онлайн-оқыту режиміне көшеді. Бала-бақшалар жұмыс істей береді. Балаларға экскурсияға шығуға тыйым салынады. Әлеуметтік мекемелерде, оның ішінде қарттар үйінде санитарлық тазалық жұмыстары күшейтіледі.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ