4129 қазақстандықты шетелдегі демалыстан кері қайтара алмай тұр

11.03.2020

Қазақстандықтарды шетелдегі демалыстан кері қайтара алмай тұр. Дүниежүзін «коронавирус» жайлап, адамзат не болады деп үрейленіп отырса, отандастарымыз жылы жаққа баруын доғарар емес. Ал салаға жауапты мамандар болса, өзге мемлекетке демалуға кетем деген азаматқа тыйым салатын құқығымыз жоқ екенін айтып отыр.

Жер жүзін жайпаған вирус Қазақстандық туристтерге тұсау емес. Ресми мәліметке сай, дәл қазір 4129 адам шетелде жүр.

Бүгін 300 саяхатшы тағы ұшып кетті. Туристтік фирма өкілдері азаматтарға шетелде «еш паника жоқ, жұрт беймарал демалып жатыр» дейтін көрінеді.

Коронавирус әуе компанияларын да шығынға батырды. Қазір 1-ші категориядағы елдермен қатынас тоқтаса, басқаларымен байланыс сиреген. Туристтік фирма иелері тақырға отырдық деп ол отыр. Былтырдың осы уақытымен салыстырғанда саяхатшылар саны 4 есеге кеміген.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу