Атырау облысындағы медициналық мекемелер «СҚ-Фармация» компаниясына 538 млн теңге қарыз
Атырау облысындағы медициналық мекемелердің «СҚ-Фармация» компаниясына 538 млн теңге шамасында қарызы бар. Берешек сомасы жыл басынан бері жиналған. Олқылықты өңірге арнайы барып рейд жүргізген республикалық «Қоғамдық бақылау» ұйымының өкілдері анықтады. Арнайы комиссия болуы ықтимал вирустың екінші толқынына дайындықты тексерді. Облыста дәрі-дәрмек пен түрлі қорғаныш құралдарының 3 айлық қоры жинақталған. Мониторингтік топ емдеу мекемелерінен алашағын толық қайтара алмай жүрген «СҚ-Фармацияның» проблемасын назарда ұстайтынын жеткізді.
Қажымұқан Балмағанбетов, «СҚ-Фармация» компаниясы Атырау облыстық филиалының басшысы:
-Бізге кері әсерін тигізеді. Өйткен біздер дәрілерді сатып алуымыз керек. Сатып аламыз да бұларға әкеліп береміз. Бұлар ақшасын берсе, біз көбірек сатып аламыз. Ақшасын бермегесін азырақ аламыз.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Референдум – 2026»: Онлайн марафон жалғасуда
15.03.2026, 12:08
Елордалықтар республикалық референдумда ерекше белсенді
15.03.2026, 12:06
Референдум тәуелсіз байқаушылар назарында
15.03.2026, 12:05
Семейде қоғамдық көлік тегін қатынауда
15.03.2026, 12:04
Respublica партиясының депутаттары азаматтық ұстанымын білдірді
15.03.2026, 12:03
Мәжіліс депутаттары дауыс берді
15.03.2026, 12:02
10388 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
15.03.2026, 12:01
Президент республикалық референдумда дауыс берді
15.03.2026, 12:00