Петропавлда 4 эвакуациялық бекет ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 4 эвакуациялық бекет ашылды

11.03.2020

Су тасқыны болған жағдайда тұрғындар осы жерлерге орналастырылмақ. Қазір Заречный, Былғары зауыты мен Ойқала және Жас өркен аудандары тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары пысықталып жатыр. 2017 жылы Есіл өзені арнасынан асқан кезде 163 үйді су басып, жұрт мектептерді паналады. Қазір Заречный кентіндегі 13 мектепке 50 кереует қойылған, қажет болса тағы жеткізілмек. Төтенше жағдай қызметкерлері мен мектеп ұжымы, медицина мамандары кезекшілік етеді.  

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу