Жезқазғанда апатты үйлердің жағдайы сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда апатты үйлердің жағдайы сын көтермейді

10.03.2020

Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы отызға жуық көпқабатты үй апатты жағдайда тұр. Дені тұруға мүлде жарамсыз. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған тұрғындар қанша шағымданғанымен, жергілікті билік мәселені шешуге асығар емес.

Үйдің қабырғалары 15 сантимерге дейін жарылып, төбедегі бетондары жиектен жылжып кеткен. Барар жері, басар тауы жоқ 8 отбасы қатерге мойынсұнып, амалсыз тұрып жатыр.

Өткен ғасырдың 60 жылдары салынған үйді комиссия тұруға мүлде жарамсыз деп әлдеқашан шешім шығарған. Ескі баспанадан тұрғындарды шығарып, орнына өтемақы беру жоспарланған. Алайда, қала әкімі бірнеше рет ауысты, уәде сөз күйінде қалды,-дейді тұрғындар.

Қалалық тұрғын үй инспекциясының мамандары ең қауіпті, құлағалы тұрған үйлердің тұрғындарын биылдан қалдырмай көшіреміз деп отыр. Ол үшін үш жылдық жоспар қабылданған.

Ал қалған 10 үйді бастан аяқ жөндеу жоспарланған. Алайда оған кететін қаржыны тұрғындар кейін өз дері ай сайын төлеп қайтаруы тиіс.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу