Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 100 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 100 мыңға жетті

06.03.2020

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 100 мыңға жетті. Эпидемия әсіресе, Еуропа мен Солтүстік Америкада өршіп тұр. Бүгін Ұлыбританияда алғашқы науқас көз жұмса, Германияда инфекция 500-ден астам адамда анықталды.  

Күні бүгінге дейін коронавирус әлемнің 90-ға жуық мемлекетіне тараған. Бірақ бұл қауіпке әлі де жіті мән бермей отырған елдер бар.

Ал Шри-Ланкада халық наразылық білдіріп жатыр. Оған себеп - жаңа карантин орталығы. Тұрғындардың айтуынша, аурухана үйлерге жақын жерге салынған. Халық тығыз қоныстанған аудандағылар бұны өздеріне төнген қауіп деп санайды.

Дегенмен, карантиндегілердің бәрі ауру емес. Бүгін Израильде Diamond Princess круиздік лайнерінен елге оралған 6 турист ауруханадан босатылды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу