Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз елге оралғысы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз елге оралғысы келеді

06.03.2020

Коронавирустың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтаннан Парижге, Алматыдан Куала-Лумпур бағыттарына қатынайтын әуе рейстері 31-ші мамырға дейін тоқтатылды. Егер осы бағыттарға алдын ала билет сатып алғандар болса, құны толық өтеледі. Ал Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз елге оралғысы келеді.

Бүгін Сеул-Нұр-Сұлтан рейсімен 178 адам Елордаға ұшып келді. Оларға да қауіпсіздік шаралары қолданды.

Ресей де Қазақстанмен арадағы шекарада бақылау күшейді. Екі арадағы өткізу пункттеріндегі карантинге жататын өнімдердің айналымына мемлекеттік фитосанитариялық бақылау қойылды.

Коронавирустың алдын алу шаралары еліміздің бірнеше өңірінде жүйелі жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ «Алматы марафонын» ұйымдастыру комитеті де коронавируске қатысты ақпаратты мұқият бақылап отыр. Егер де пандемия жарияланып көпшілік іс-шараларға шектеу қойылса, марафон өтпейді.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу