Қазақстан спортшылары коронавирус тараған елдерге іссапарға жіберілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан спортшылары коронавирус тараған елдерге іссапарға жіберілмейді

04.03.2020
Қазақстан спортшылары коронавирус тараған елдерге іссапарға жіберілмейді

ҚР Мәдениет және спорт министірлігі коронавирус тіркелген елдерде өтетін жарыстардан бас тарту қажеттігін ескертті.

«Коронавирустың алдын алу жөніндегі республикалық жедел штаб отырысының хаттамасына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі COVID -19 тіркелген елдерге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында спорт түрлері бойынша ұлттық құрама мүшелерін іссапарға жіберуге тыйым салды. Сондай-ақ осы мерзімге жоспарланған шетелдік жарыстардан да бас тарту қажеттігін ескертті», - деп жазды «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ел президенті Қ.К.Тоқаев Коронавирустың (COVID -19) таралуына және қауіп төндіретін ауқымда пайда болуына байланысты Үкіметке мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субектілердің қызметіне нұқсан келтірмей азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. ᅠ Осыған орай коронавирусты инфекцияның алдын алу жөніндегі республикалық жедел штаб отырысының хаттамасына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аталған вирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген елдерге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда мүшелерін іссапарға жіберуге тиым салды. Сондай-ақ осы мерзімде басқа да елдерде қатысуы жоспарланып отырған шетелдік жарыстардан да бас тарту қажеттігін ескертті. ᅠ В связи с распространением коронавируса (COVID-19) в мире и приобретением угрожающих масштабов, Президентом Республики Казахстан К.К. Токаевым поручено Правительству Республики Казахстан принять исчерпывающие меры с целью защиты здоровья граждан без нанесения ущерба деятельности госучреждений и хозяйствующих субъектов. ᅠ В соответствии с протоколом заседания Республиканского оперативного штаба по предупреждению коронавирусной инфекции в Республике Казахстан Министерство культуры и спорта РК рекомендует отменить командирование спортсменов по видам спорта в первом полугодии 2020 года в страны, где зафиксированы случаи заражения коронавирусом, а также воздержаться от поездок в другие страны в целях профилактики заражения коронавирусом.

Публикация от Дирекция развития спорта (@qazaq_sports)

Хабарламаларға жазылу