Садақшылар жаттығуларын пысықтауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Садақшылар жаттығуларын пысықтауда

03.03.2020

Токио Олимпиадасына ең бірінші болып жолдама алған садақшыларға артылар үміт көп. Соңғы әлем кубогында олар бірінші орын иеленіп, жаханның үздік командаларынан басым түсті. Ал олимпиада жолдамалары сарапқа салынған сайыста Рио олимпиадасының жүлдегері АҚШ құрамасын сан соқтырып кетті. Осылайша, жерлестеріміз әлемдік рейтингте үздік алтылыққа енді. Төрт жылдықтың басты бәсекесіне біздің садақшылар 4 лицензия ұтып алды. Барлығы да Алматы облысының мергендері. Денис Ганькин, Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин жекелей және командалық сында бақтарын сынамақ.

Қазір садақшылар құрамасы Тайландта дайындықтарын пысықтап жатыр. Кешікпей Бангкокта өтетін Азия кубогына қатысады. Бұл сайысқа садақ атудан әлемнің ең мықты спортшылары қатысады деп жоспарланған.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу