Маңғыстау облысында жем-шөп қымбаттады
Маңғыстау облысында жем-шөп қымбаттап кетті. Шаруалар шығынға баттық деп шағымданып жатыр. 700 теңгеден сатылған 20 келілік бір қап кебек қазір 1200-1300 теңге тұрады. Ал бұған дейін 450 теңге тұрған бір орам шөп 800 теңге болған. Қымбатшылықты қалтасы көтермеген тұрғындар азықты үнемдеу үшін, малдың жеміне қалың қатырма қағаз араластырып беруге мәжбүр.
Ауыл шаруашылық министрлігі қазір жаңа жоба жасақтап жатыр. Оның аясында жергілікті бюджет есебінен шаруа қожалықтарына субсидия берілуі мүмкін. Ірі қара мал басына 30 мыңнан 120 мың теңге аралығында қаржы бөлу көзделген. Бірақ, жобаның нақты қашан іске асары белгісіз.
Аягөз ОРАЛБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05