Идлиб провинциясындағы шабуылдан түріктің тағы бір сарбазы мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Идлиб провинциясындағы шабуылдан түріктің тағы бір сарбазы мерт болды

03.03.2020

Жаһанды алаңдатқан Сириядағы жағдайға ауыссақ. Идлиб провинциясындағы шабуылдардан түріктің тағы бір сарбазының мерт болды. Аймақтағы қақтығыстар басылар емес. Башар Асад бастаған армия Саракеб қаласын басып алған соң, оған Ресейдің әскери күштері енгізіле бастады. Дегенмен, Анкараның қолдауымен содырлар қаланы қайта өз бақылауына алуға ниетті. Осылайша, Саракеб екі тараптың да қарамағана бір айда екі рет өтіп отыр.

Идлибтегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған осы аптада ресейлік әріптесі Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Мәскеуде өтетін сол кездесу барысында, тараптар Сириядағы шабуылдарды доғару жөнінде келісім жасаспақ.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу