Сирияға танкілер жіберіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияға танкілер жіберіліп жатыр

14.02.2020

Түркия Сириядағы әскерін күшейтуді жалғастырып жатыр. Анкара мұндай қадамға өткен аптада түріктің 13 жауынгері президент Башар Асад армиясының соққысынан мерт болғаннан кейін барып отыр. 

Түркия көрші елдің Идлиб провинциясына мыңдаған жауынгер мен танкілерін және өзге де техникасын енгізді. Сондағы мақсаты – Идлибтің Түркиямен шекаралас бөлігін бақылауда ұстап, онда күрд содырларының қайта бас көтеруіне және жүздеген мың босқынның түрік жеріне өтуіне жол бермеу.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу