Байқоңыр қаласында газ 15 есе арзандайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңыр қаласында газ 15 есе арзандайды

03.03.2020

Қазір тұрғындар сұйытылған газдың әр текше метріне 714 теңге төлеп отыр. Ал табиғи газ сәл арзан. Жеке тұрғындар үшін бір текше метрдің құны - 18 теңге. Үкіметаралық келісім негізінде сұйытылған газды табиғи түріне ауыстыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 500-ге жуық тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар, өзге де әлеуметтік нысандар көгілдір отын желісіне қосылған. Былтыр Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісім жасалған болатын. Бүгін осы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын Сенаттың профилді комитеті қарап, құжатты палатаның жалпы отырысына ұсынды.   

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу