Биыл Шығыс Қазақстан облысында 82 елді мекенді су басуы ықтимал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 82 елді мекенді су басуы ықтимал

02.03.2020

Аягөздіктер көктемгі тасқын суға қамданып жатыр. Өңірде биыл қар қалың. Екі жыл бұрын қарғын су қаладағы үйлерді қиратып, халықты әбігерге салған болатын. Осы жолы мамандар апаттың алдын алу үшін қолда бар техниканы түгел жұмылдыруда. Қала ішіндегі қарды тазалап, арналарды аршып, бөгеттер құрып жатыр.

2018 жылы болған су тасқынында 50 -ден астам үй қирады. 400 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, халық қыруар шығынға батқан.

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 82 елді мекенді су басуы ықтимал. Аягөз ауданы бойынша бұл тізімде Мамырсу ауылы бар. Онда да тасқын суға төтеп беру үшін, дайындық жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу