Еліміздегі дәріханаларда бетперде тапшы. Оның себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі дәріханаларда бетперде тапшы. Оның себебі неде?

02.03.2020

Дәріханаларда бетперде тапшы. Короновирустың дүниежүзіне таралуы Қазақстанда бетперденің жетіспеушілігіне әкелді. Мұндай көрініс, әсіресе ірі мегаполистерде байқалады. Көпшіліктің осындай шағымынан кейін бұл мәселе бүгін үкіметтің отырысында да айтылды. Елімізде маска шығаратын бес бірдей кәсіпорын бола тұра, дәріханалар неліктен халықты қамтамасыз ете алмай отыр? 

Жұпалы індет тарағалы бетперде іздеген жұрт та көп. Дәріхана маңында сеңше соғысып жүр.

Қазақстандық кәсіпорындар күніне 170 мың, айына 5 миллион бетперде шығара алады. Сұраныс артса 6 жарым миллионға дейін жеткізе алады.

Қазақ бетперде тігетін матаны да шетелден алады. Мақта өсіретін елде отырып, мата жоқ деудің өзі ұят. Сондықтан сарапшылар кәсіпті жаңа деңгейге көтеріп, осы олқылықтың орнын толтыру керек деген ұсыныс жасап отыр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу