АҚШ-та коронавирустан екінші адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та коронавирустан екінші адам көз жұмды

02.03.2020

70 жастағы ер адам Киркланд қаласының ауруханасында ем алған. Қазір сол мекеменің 25 қызметкері мен 30-ға жуық тұрғын ауру симптомдары болуы мүмкін деген күдікпен тексеріліп жатыр. Жұқпалы дертке ел бойынша 90-ға жуық адам шалдыққан. Сондықтан, Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланып отыр.

Ал Қытайдың өзінде COVID-19-дан көз жұмғандар саны 2900-ден асты. Әлемді шарпыған жұқпалы инфекция 56 елде анықталып отыр. Соңғы мәліметке сәйкес, адамнан адамға жылдам тарайтын дерт Индонезия, Доминикан Республикасында да табылды. Дүниежүзі бойынша қауіпті инфекция 3043 адамның өмірін жалмаса, оны жұқтырғандар саны 89 мыңнан асып кетті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу