Қазақстандық машина құрастырушылар 8 айда рекордтық көрсеткіште өнім экспорттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық машина құрастырушылар 8 айда рекордтық көрсеткіште өнім экспорттаған

21.09.2017

Бұл туралы сала мамандарының басын қосқан форум барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Біздің өнімдерге әсіресе, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Қытай елдерінен сұраныс жоғары көрінеді. Жалпы, биыл бұл сектордағы өндіріс көлемі 6 пайызға өскен. Мемлекет тарапынан да қолдау мардымды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та машина жасаушыларға мемлекет тарапынан қолдау үнемі көрсетіле беретінін жеткізді. Форум барысында кедергілерді барынша азайтып, мемлекет пен өндірушілер арасындағы байланысты арттыру тетіктері сөз болды.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу