Сапасы сын көтермейтін оқу орындарын ашуға рұқсат бергендер кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапасы сын көтермейтін оқу орындарын ашуға рұқсат бергендер кім?

29.02.2020

ЖОО-ы туралы айтқанда ойға оралатын тағы бір түйткіл жатақхана мәселесі. Жататын жері жоқ жастан жаһанды таң қалдыратын жаңалық күту ақымақтық. Мұны да түзету керек. Мәселе бар, мысалы Алматыдағы белді университеттердің бірі студенттерге жатақхана жоқ деп, бос бөлмелерді жеке компанияларға жалға берген. Өңешіне өгіз құлап кетердей өңмеңдегендердің тірлігі тексеріс барысында әшкере болды. Жатақханасыз қаңғып қалған жастар «кетеміз» дегенде жаны алқымға келген оқу орнының басшылары студенттерді оқу залына жатқызған. Есептеп көріңіз, 30 шаршы метр жерге 10 студент жатқан. Ақшаға құнығып ардан безгендердің ас үйі 30 шаршы метрден үлкен шығар. Бұл да бұзылуы керек кедергі. 

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу