Түркістанда жедел жәрдем көліктері жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жедел жәрдем көліктері жаңартылды

02.10.2019

Түркістандық жедел жәрдем қызметінің сапасы мен сипаты өзгеретін болды. Өңір басшысы шалғай аудан, қалалардағы медициналық мекемелерге 32 су жаңа автокөлік сыйлады. LADA Largus маркалы бұл көліктер сырқаттарға тез жетіп, тасымалдауға, алғашқы медициналық көмек беруге қажетті құрылғылармен жабдықталған. Бұған 300 млн теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. 

«Келесі жылы тағы 60 көлікті жабдықтау жоспарда бар»,-дейді мамандар. Бұдан бөлек Кентау, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам аудандарында 8 аурухана, емхана салып жатыр. Сондай-ақ, шалғай ауылдарда 19 модульдік медицина бекеті ашылмақ. «Жалпы облыста денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлініп жатыр»,- дейді дәрігерлер. 

Бақыт Мырзалиев, Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Аудандық ауруханаларда лифт мәселесі сын көтермейтін. Қазір оғанда қаражат бөлініп, барлық аудандық ауруханалардағы лифттер жөнделетін болды. 

Хабарламаларға жазылу