Оңтүстік Кореяда балабақшалар мен мектептер 9-шы наурызға дейін жұмысын тоқтатты
Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаппай таралуына байланысты балабақшалар мен мектептер 9-шы наурызға дейін жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Инчхон қаласында тұрып жатқан отандасымыз Құлпынай Байтуова хабарлады. Қазір қауіпті инфекцияға шалдыққандар саны жағынан Корея әлемде екінші орында тұр. Бұған дейін 2300-ден астам корейлік вирус жұқтырып, олардың 13-і қаза тапқан. Ал қазір 30 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдықты деген күдікпен тексеріліп жатыр.
Құлпынай Байтуованың айтуынша, Кореядағы Қазақстан азаматтарының ойы екіге жарылған. Кейбірі елге қайтуға қамданып жатса, енді біреулері ондай шешімге келуге асығар емес. Толығырақ жексенбі «Апта» сараптамалық бағдарламасынан сағат 20:00-де көре аласыздар.
Ақерке БЕКТАС
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00