Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы Абай ауылының әр тұрғыны қазақтың бас ақынының өлеңдерін жатқа біледі. «Ұлы тұлғаға құрмет көрсету- бәрімізге парыз»,- дейді олар. «Ұлы халықтың ұлы Абайы» деп аталған байқаудың да дәл осы елді мекенде өтуі тегін емес.
Бұл ауыл құрылған күнінен бастап Абай есімін иеленген. Біз көшеде бірінші кездескен балалардан өлең оқуын өтіндік. Олар мүдірмеді. Тіпті, Абай әндерін де шырқап берді.
Ауылда ұйымдастырылған «Ұлы халықтың - ұлы Абайы» атты байқауға қатысуға ниеттілер көп болыпты.
Байқаудың өтуіне ауылдан шыққан кәсіпкерлердің бірі ықпал етіп, жеңімпаздарға арнайы сыйақы тағайындаған. Ол туған жерінің көркеюіне әлі де ат салыспақ. Өйткені, ақын атын алған ауыл өзгелерге үлгі болуы тиіс.
Жақсыбек КЕМАЛ