2020 жылы әлемдік экономика коронавирустан 2,8 пайызға құлдырайтынын болжап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы әлемдік экономика коронавирустан 2,8 пайызға құлдырайтынын болжап отыр

28.02.2020

Иә, барлық құрлыққа тараған қауіпті вирус — енді жаһандық экономикаға да залалын тигізе бастады. Дүние жүзінің беделді қаржы институттары 2020 жылы әлемдік экономика 2,8 пайызға төмендейді деп болжап отыр. Бүгін «Самұрық бизнес форумында» Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді. Сарапшылар коронавирус – әлемдік экономиканы соңғы жылдары болмаған дағдарысқа әкеп соғуы бек мүмкін екенін айтады. Ол Қазақстанға да әсер етпей қоймасы анық. Қазірдің өзінде біздің негізгі сауда серіктестерімізде өсім қарқыны төмендеген. Сыртқы сұраныстың бәсеңдеуі жылдам, батыл шараларды талап етпек. Бастысы өндіріс пен жұмыс орындарын сақтап қалу қажет. Жиналғандар «Самұрық-Қазына» қоры ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын айтып өтті. Жыл сайынғы сатып алу көлемі 4 триллион теңгеге тақау.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу