Ауа райының қолайсыздығынан барлық бағыттағы жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының қолайсыздығынан барлық бағыттағы жолдар жабылды

27.02.2020

Ауа-райының қолайсыздығынан бүгін еліміздің 7 өңірінде жолдар жабылды. Тіпті, қала ішіндегі көшелердің өзінде жүріп-тұру қиындап, бірқатар аймақта сабақ тоқтатылды. Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Қостанай, Көкшетау және Қарағанды облыстарында 9 сынып дейінгі оқушыларға сабақ болмады.

Мәселен, Қарағандыда кеше күні бойы жауған жаңбырдың соңы қарға ұласып, салдарынан көктайғақ болды. Ал Қостанай облысында дауыл күшейген. Кей аумақтарда жел екпіні басылар емес. Төтенше жағдайлар қызметі өткен тәулікте жолда қалғандарды құтқарумен айналысты.

Күн райы әуе қозғалысына да әсер етті. Мәселен, Елорда әуежайында 6 рейс кейінге шегерілген. Оның үшеуі халықаралық бағыт. Синоптиктердің айуынша, дәл осындай ауа-райы ертең де сақталады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мен Маңғыстау, Ақтауда да жел екпіні күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.

Аманкелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу