Қоғамдық кеңестерде хатшы лауазымы бекітіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық кеңестерде хатшы лауазымы бекітіледі

25.02.2020

Оларға бюджеттен жалақы тағайындалады. Жұмысты үйлестіретін әрбір хатшыға жыл сайын 1 миллион 300 мың теңге бөлу қарастырылған. Бұл қаражат қоғамдық кеңестерде хатшылыққа сайланған тұлғалардың іс-қағаз және жүріп-тұру шығындарына есептелген. 

Елімізде 230-дан астам қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Қазіргі таңда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы құқықтық кеңес осы мәселе бойынша арнайы отырыс өткізді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық кеңестердің барынша тәуелсіз болуын және шешім қабылдау құқығын арттыруға айрықша мән беруде. Кеңес мүшелерінің айтуынша, жауапты ведмостваның бастамалары уақыт талабынан туындаған. 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу