Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

14.02.2018

Қазақстанның шетелдегі бірқатар елшілігінде ауыл шаруашылығына жауапты атташе лауазымы бекітіледі. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауы аясында ведомствоға отандық экспорт көлемін екі есе арттыруды тапсырған болатын. Бұл міндетті атқару үшін салаға жеке қаржыландыру көздерін тартып, тиімсіз субсидияларды қысқарту жоспарда бар. Аграрлық ғылымды да өзгерістер күтіп отыр. Енді агробизнесті дамытатын ғылыми зерттеулерге басымдық беріледі. Кәсіби маман даярлайтын жаңа бағдарламалар енгізу көзделген. Саланы цифрландыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Болашақта ақылды фермалар ашылып, ауыл шаруашылығы алқаптарының электронды карталары әзірленеді.

Арман Евниев, ҚР АШМ вице-министрі:

- Біздің нарыққа тиімді бағытталған мемлекеттер бар. Тек қана сол мемлекеттермен Сыртқы істер министрлігі арқылы жұмысты бастадық.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу