Бүгін Иранда парламенттік сайлау өтіп жатыр
Онда 14 мыңдай кандидат бақ сынауы тиіс еді. Алайда, 7 мыңнан астам потенциалдық үміткер тізімнен шығарылды. Сондықтан, халық дауыс беруге аз барады деген болжам бар. Бірақ, билік тұрғындарды діни міндеттерін орындап, сайлауға баруға үндеп отыр.
Иран парламентінде 290 орын бар. Депутаттар негізгі саяси мәселелерді шеше алмаса да, бюджет жобасы бойынша және заң бұзған министрлерге импичмент жариялау мәселесін талқылай алады.
Кейінгі жылдары Американың санкцияларына байланысты Ислам Республикасында экономикалық жағдай нашарлап барады. Елде инфляция шарықтап, ең қажетті тауарлардың бағасы өсіп, жұмыссыздар көбейіп келеді. Болжамдарға қарағанда, Иранда президенттік сайлау 2021 жылы өтуі керек.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» дөңгелек үстелі өтті
05.03.2026, 17:37
Шалқар ауданында екі спорт кешені ашылды
05.03.2026, 17:36
Skills Enbek: 27 мың адам онлайн курстан өтті
05.03.2026, 17:34
Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты $7 миллиардқа жетті
05.03.2026, 17:33
Шаруалар жерді өңдегені үшін қаржы ала алады
05.03.2026, 17:31
Конституциялық жоба – әділетті қоғамның негізі
05.03.2026, 17:29
Т.Минуллина: Саяси реформалар инвесторларды құлшындырады
05.03.2026, 17:24
К.Кильюнен: Адам мүддесі алдыңғы орынға шыққаны маңызды
05.03.2026, 17:21