Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде жүзеге асырылады
Ақтөбеде бастау алған Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде қолға алынады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты.
«Жоба өткен жылы жазда Ақтөбеде басталған еді. Картаның қаншалықты тиімді болғанын көріп, жобаны біртіндеп кеңейтуді ұйғардық. Осылайша әлеуметтік ID карта қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарында табысты енгізіліп жатыр. Бүгінге дейін 45 мыңға жуық карта шығарылып, 31 мың транзакция жүзеге асырылды. Оның 10% жолақы мен мектептегі тағам ақысын жеңілдікпен төлеуге арналған. Жыл соңына дейін әлеуметтік карталарды республика бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектептерде цифрлық сауат және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
13.05.2026, 20:17
Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады
13.05.2026, 20:12
Тас жолдар, пойыз, ұшақ түгел интернетке қосылады
13.05.2026, 20:09
Трамптың Бейжіңге сапары басталды
13.05.2026, 20:09
Тегеран тұрғындары Трамптың Бейжіңге сапарына қатысты пікір білдірді
13.05.2026, 20:08
Таяу Шығыстағы қақтығыс туризмге кері әсер ете ме?
13.05.2026, 20:07
Туристер туроператор таңдағанда нені ескеруі қажет?
13.05.2026, 20:05
Саммитке әзірлік: Қауіпсіздік басты назарда
13.05.2026, 20:05