Ресейде Қытай азаматтарына виза беру шектелді
Ал Мәскеу коронавирус қаупіне байланысты сақтық шараларын күшейтіп отыр. Көрші ел Қытай азаматтарына виза беруді шектеді. Әзірге Ресейге Қытайдан туристер, жеке тұлғалар, студенттер, жұмысшылар кіре алмайды. Дегенмен, Кремльдің мәлімдеуінше, бұл елден ресми, кәсіпкерлік, гуманитарлық, транзиттік визамен келгендердің, Федерация аумағына кіруіне бұрынғыдай рұқсат беріледі. Айта кетейік, Ресейде үш адамнан коронавирус табылды. Олардың барлығы емделіп, үйлеріне жіберілген. Дегенмен, мұнда 14 мыңдай адам дәрігерлердің бақылауына алынып отыр. Тағы бір жайт, Ресей Қытайға, Солтүстік Кореяға қатынайтын барлық пойыздарын тоқтатып, Моңғолиямен арадағы құрлықтық шекарасын да жапты.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 17:00
Бескөл ауылдық емханасы заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған
28.09.2026, 15:46
Қызылордадағы көпбейінді ауруханада 16 мың метрден астам медициналық оттегі құбыры орнатылады
28.09.2026, 15:45
Ақмола облысындағы жаңа аурухананы медициналық туризм хабына айналдыру көзделіп отыр
28.09.2026, 15:43
«Қарқынды құрылыс»: Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында салынып жатқан медициналық ұйымдар
28.09.2026, 15:25
Қазақстанда Starlink Mobile спутниктік мобильді байланысы іске қосылды
28.09.2026, 14:58
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45