«Qazsport» телеарнасы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

19.02.2020

«Qazsport» телеарнасының да жағымды жаңалығы бар. Арна жазғы Токио Олимпиадасынан жан-жақты әрі көлемді ақпар таратады. Қазіргі таңда телекөрсетілімді сатып алу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Телеарнаның алқа отырысында былтыр атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспар талқыға салынды. 2019 жылы «Qazsport» еліміздегі спорттық шаралардан 525 тікелей көрсетілім ұйымдастырған. Бұл - арна тарихындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Ал биылғы жылдың басты межесі жазғы олимпиада ойындарынан сапалы трансляциялар жасау. Бұл тұрғыда жиынға келген спорт федерацияларының өкілдері мен сала мамандары да өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Телеарнаның ұлттық спортты дамытуға қосып жүрген үлкен үлесі де айтылды. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу