Қазақстандық әуекомпаниялар «қара тізімге» енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әуекомпаниялар «қара тізімге» енуі мүмкін

18.02.2020

Қазақстандық әуекомпанияларға Еуропа мен Америка ұшуға тыйым салынуы ықтимал. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің» бас директоры Питер Гриффитс олардың қайта «қара тізімге» енуі қаупі жоғары екенін мәлімдеді. 

Себеп — Bek Air және Scat компаниялары үш жыл бұрын берілген нұсқауды орындамаған болып шықты. 2016 жылы тексеріс жүргізген шетелдік комиссия осы екі компанияның қызметінен бірнеше заң бұзушылық анықтап, кемшіліктерді түзетуді талап еткен еді. Арада жылдар өтсе де проблемалар шешілмегені анықталып отыр.  

Естеріңізде болса, 2016 жылы Қазақстан әуе компаниялары Еуро одақ пен Американың «қара тізімнен» әрең шыққан болатын. Алматыдағы әуе апаты Bek Air компаниясының әуе қаупсіздігіне немқұрайлы қарап келгенін көрсетті. Нәтижесінде компанияға пайдаланушы сертификатын берген екі инспектор жұмыстан қуылды. Олар құжатты рәсімдеу кезінде заң бұзушылықтарға барғаны әшкереленді. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу