ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 17 ақпан күні жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісі Алматы уақытымен 07:52-де тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 374 шақырым жерде, Алматы облысының аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 9,6. MPV тербелісі – 3,8. Тереңдігі – 5 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.