Брюссельде дәстүрлі шоколад көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде дәстүрлі шоколад көрмесі ашылды

14.02.2020

Брюссельде дәстүрлі шоколад көрмесі ашылды. Көпшілікке «Шоколад салоны» деген атпен таныс жәрмеңке алғаш рет осыдан 25 жыл бұрын Парижде өткізіліп еді. Сол уақыттан бері шара Франция астанасынан бөлек қазір тағы 17 елде ұйымдастырылып келеді. Әлемге шоколадымен әйгілі Бельгиядағы көрмеде кондитерлер көпішілікке соңғы өнімдерін ұсынып, шоколадтан жасаған киімдерін көрсетті.

8 мың шаршы метрге созылған алып көрмеге биыл 100-ден астам өндіруші қатысып жатыр. Бәсекеге төтеп беру үшін бәрі шоколадтан түрлі бұйымдар жасаған. Үй, көлік, соңғы үлгідегі фотоаппарат, ұялы телефонның бағасы да мұнда қолжетімді.

Ұйымдастырушылар көрмені 300 мыңнан астам тамашалайды деген үмітте.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу