Мыңдаған бала қыста үйсіз қалды
Сирияның Идлиб провинциясында мыңдаған бала үйлерін тастап, Түркияға қарай қашып, лагерьлерге қоныстанып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, қар түскенде көрші ел жаққа бас сауғалаған жеткіншектердің саны 290 мыңға жетіп қалған. Солардың ішінде он шақты бала суықтан қайтыс болды.
Айта кетсек, Ресейдің көмегімен Сирия армиясы бірнеше айдан бері оппозицияның қолындағы соңғы аймақ – Идлибті алу операциясын жүргізіп жатыр. Соның салдарынан 700 мыңдай бейбіт тұрғын Түркия шекарасына кеткен. Жалпы алғанда, соғыс жүріп жатқан бұл провинцияда 3 миллиондай адам бар. Ал бұған дейін 4 миллионға жуық сириялық босқынды қабылдаған Түркия Асад армиясына Идлибті бермеу үшін Сирия аумағына мыңдаған жауынгері мен танкілерін кіргізді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27