Қытайдан тағы 155 қазақстандық жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан тағы 155 қазақстандық жеткізіледі

12.02.2020

Қытайдан тағы 155 қазақстандық эвакуацияланады. Алайда олардың келу уақыты белгісіз. Себебі чартерлік ұшақ 150-ден астам адам жиналып болғанша күтеді. Сол себепті бүгін түнде ме, болмаса ертең таңертең келеді ме нақты сағатын айта алмайтындарын айтады құзырлы орган өкілдері.

Сыртқы істер министрі Мұқтар Тілеубердінің айтуынша, әуе көлігі Алматыға келеді. Өйткені Нұр-Сұлтандағы ауруханалар толық. Аспан асты елінен келетін жолаушыларды әуелі үш күн ұстайды. Егер медицинадық тексеру кезінде араларында коронавирустың белгілері бар азаматтар анықталса, онда олар түгел карантинде болады. Әрине ол сараптаманың қорытындысына байланысты. Келетін ұшақ 220 орындық. Елге оралғысы келетіндер болса, қалдырмай алып кететінін айтады мамандар.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу