Қазақстан - инвестиция құюға ең қолайлы ел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - инвестиция құюға ең қолайлы ел

29.06.2017

Бүгін Астана қаласының әкіміне «Kazakh Invest» агенттігінің әлеуетін таныстырған басқарма төрағасы Мақсат Қабашев осылай деді. Құрылғанына екі ай толған агенттік аз уақытта ауқымды іс тындырған. Негізгі міндеті - елге келген инвесторларға кедергі емес, керісінше сапалы көмек көрсетіп, жан-жақты қолдау. Бір сөзбен, шеттен келген адам осы компания көмегімен Қазақстандағы шаруасын еш шаршамай шешіп алады. Агенттіктің 18 елде өкілдері бар. Өкілдер қазірдің өзінде өзге мемлекеттегі қалталы азаматтармен кездесулер өткізіп, табысты қызмет атқаруда. Кездесу қорытындысы бойынша Астана әкімдігі мен агенттік тығыз жұмыс істеуге уағдаласты.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу