Бүгін Қытай жұмысшылары коронавирусқа қарамастан, жаңа жылдық мерекені аяқтап, зауыт-фабрикалар мен кеңселерге оралды. Ал президент Си Цзиньпин осыдан бірер сағат Бейжіңдегі аудандардың біріне маска тағып барып, көпшіліктің көзіне түсті.
Жексенбі күні Қытайда жұмбақ пневмониядан тағы 97 адам қайтыс болды. Осылайша, жаңа инфекция құрбандарының жалпы саны 908-ге жетіп отыр. Ал 2002-2003 жылдары дәл осы Қытайда өршіген SARS эпидемиясынан 800-ге жуық адам жан тәсілім еткені белгілі. Яғни қазіргі коронавирус құрбандар саны жағынан сол вирусты басып озып отыр.
Бұл ауру Жапонияның Йокогама портының жағалауында карантинде тұрған круиздік кемеде тағы 65 адамнан табылды. Сөйтіп, бортында 3700 адамы бар саяхатшылар лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 135-ке жетіп отыр.
Арыстан РЫСБЕК