Волонтерлар орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волонтерлар орталығы ашылды

06.02.2020

Алматыда Волонтерлар жылына орай еріктілер орталығы ашылды.

Енді ірі мегаполистегі 2 мыңнан астам белсенді осы жерде алда атқарылатын жұмыстарды пысықтайды. Осылайша, орталықта кімге көмек керек екендігі анықталып, түрлі қолдау акциялары мақұлданып, бірауыздан шешім қабылданады. Ал қазір қаладағы 38 жоғарғы оқу орнының еріктілері 7 бағыт бойынша қайырымдылық жұмыстарына кірісті. Мәселен, олар қарттар мен балалар үйінде түрлі шаралар ұйымдастыруды қолға алған. Сонымен қатар, қаладағы қоқыс жиналған аумақтарға тазалау жұмыстарын жүргізіп, өзге де қоғамға пайдалы игі бастамаларды жүзеге асырмақшы.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу