Алматыда қылмысқа қарсы жұмыс жүргізуге толық жағдай жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қылмысқа қарсы жұмыс жүргізуге толық жағдай жасалған

27.07.2014
Алматыда қылмысқа қарсы жұмыс жүргізуге толық жағдай жасалған

«Қаржылық қолдау мен материалдық-техникалық камтамасыз етудің арқасында Ішкі істер қызметкерлеріне қылмысқа қарсы күрес пен қаладағы тыныштықты қадағалауға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ,  полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету мақсатында қаладағы жолдарға апатты дер кезінде анықтайтын бейнекамералар орнатылған. Аталған жоба өз жемісін беруде, қазіргі таңға дейін жол ережісн бұзу 1,6 пайызға төмендеді», - деді Ахметжан Есімов.

Алматы қаласының Ішкі істер басқармасының бастығы Серік Күдебаев қалада қылмыстық жағдайлар жіті бақылауда екенін айтады. Алматыда бірінші жарты жылдықта ауыр қылмыс – 17 пайызға, кісі өлімі – 32 пайызға, қарақшылық саны 3 есеге, денсаулыққа зиян келтіру фактісі – 27 пайызға, мүлкін тартып алу – 11,2 пайызға азайған.

 

Хабарламаларға жазылу