Бүгін - Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні
Бүгін - Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні. Өкінішке қарай, әлемде онкологиялық індетке шалдыққандардың қатары азаймай тұр. Жыл сайын жер бетінде 9 миллион адам обырдан көз жұмады. Қазақстанда да жағдай мәз емес. Елімізде рак ауруы ең көп кездесіп отырған 4 өңір бар. Тізімді Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр. Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында да қатерлі ісікке шалдыққандардың саны көп. Жалпы, былтырғы жылдың өзінде елімізде 36 мыңнан астам адам қатерлі дертке шалдыққан. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4117 адамға көп. Былтыр бұл кеселдің кесірінен 14 мыңнан астам адам көз жұмды. Ал ел бойынша онологиялық есепте тұрғандардың саны 180 мыңнан асып кеткен.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05