«Менің атым – Қожа» фильмін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің атым – Қожа» фильмін көріңіз

19.03.2016
«Менің атым – Қожа» фильмін көріңіз

«Менің атым – Қожа» – Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әртүрлі қызықты оқиғаларын баяндайды. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынады. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды.

Қожа мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде оның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды.

Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті, кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады.

Жазушы болуды армандайтын фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:05-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу