Шығыс Қазақстанда арнайы жедел штаб құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда арнайы жедел штаб құрылды

29.01.2020

Шығыс Қазақстанда тағы да дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы түнде облыстың бірқатар аумағында қалың қар жауып, қатты боран соғады. Құтқарушылар мен жол қызметінің мамандары күшейтілген кестемен жұмыс істеп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы жедел штаб та құрылды.

Биыл Секисовка ауылында қар тіпті қалың. Қазір көп үйлердің тек шатыры ғана көрінеді. «Казгидромет» мәліметі бойынша, биыл бұл елді мекендегі қардың мөлшері нормадан 193 процентке артық.

Секисовка ауылының ортасынан өтетін республикалық жолды күтіп ұстауға «Қазақавтожол» мекемесі жауапты. Қыс қаһарына мінгеннен бері кәсіпорынның бірқатар бөлімшесі екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшкен.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, қатты бораннан кейін Шығыста қатты аяз болады. Қаңтардың 30-31 күндері бірқатар ауданда термометрдің сынап бағанасы минус 35 градусты көрсетеді деп күтілуде.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу