Басты Жаңалықтар Қытай азаматтарына виза беру тоқтатылды

Қытай азаматтарына виза беру тоқтатылды

Қытай азаматтарына виза беру тоқтатылды

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады:

    • 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды;

    • 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;

    • 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады; 

    • ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды;

4-8 ақпан аралығында теннистен Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. 

Бөлісу