Бораннан жолда қалған 120-дан астам көлік елордаға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бораннан жолда қалған 120-дан астам көлік елордаға жетті

28.01.2020

Дүлей боранның салдарынан Нұр-Сұлтан мен Ақкөл қаласының ортасында қалып қойған 200-ден астам көлік бүгін автоколонна арқылы Елордаға жетті.

Қаздай тізілген көліктерді Ақмола облыстық төтенше жағдай департаменті мен полиция департаментінің басшысы бастап келді. Жол қауіпсіздігін сақтау үшін колонналар 30-35 машинадан бірнеше топқа бөлінген. Олардың барлығын Ішкі істер министрі күтіп алды. Оның айтуынша, боран басталған 5-күн бойы құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ал мамандар тұрғындардан әзірге алыс жолға шықпауды сұрайды. Себебі солтүстік аймақтардағы боран қаупі әлі де сейілген жоқ. Ал Ішкі істер министрінің айтуынша, республикалық тас жолдардың бойында қар астында қалып қойған әлі де мыңнан астам көлік бар.

Аманкелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу