Қытайдың коронвавирус тараған Хубей провинциясына елдің түкпір-түкпірінен дәрігерлердің 30 бригадасы жіберілді

28.01.2020

Олардың құрамында 4130 медицина маманы бар. Бұл қызметкерлердің көбі жұмбақ вирустың ошағына айналған Ухань қаласына барады. Олардың саны бүгін кешке дейін 6 мыңға жетуі мүмкін. 

Соңғы мәліметке қарағанда, пневмония эпидемиясынан Қытайда 106 адам қайтыс болды. Тағы 4 жарым мыңнан астамының қауіпті инфекцияны жұқтырғаны расталып отыр. Сол пациенттердің мыңға жуығының дерті асқынған. Және де бұл ауру әлемнің оннан астам елінде анықталды. 

Қытай үкіметі вирустың тарауын тоқтату үшін 11 миллион халқы бар Ухань мен тағы 50 миллион адам тұратын 17 қаланы оқшаулап, оларға көлік қатынасын шектеген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу