Тимур Құлыбаев: Кәсіпкерлерге көмектесу үшін  Үкіметпен ортақ келісімге келдік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Құлыбаев: Кәсіпкерлерге көмектесу үшін  Үкіметпен ортақ келісімге келдік

02.05.2017

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Ол сапар барысында «Ордабасықұс» фабрикасы негізінде құрылып жатқан кооператив жұмысмен танысты.

 

Жаңа құрылым бойынша фабрика енді кооператив құрамындағы өзге шаруашылықтарға құстарға азық болатын дақылдарды егуге,  жер жырту, егін жинауға тапсырыс бере алады. Соның нәтижесінде шаруа мақсатты жұмыс істейді. Ал, фабрика көп шығынсыз өзіне керекті шикізатты өндіреді. Тимур Құлыбаев сапар барысында сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасының өңірлік кеңесін өткізді. Жиында негізінен кәсіпкерлік дамуына тұсау болып жатқан жайттар сөз болды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

  

Хабарламаларға жазылу