Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

08.12.2014
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды.

8 желтоқсанда Астанада, синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы  -30 градусқа төмендейді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында - 20-25 градус, кей жерлерде 30 градус суық болады.

8-9 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 30-35 градусқа төмендейді, деп хабарлайды aikyn.kz.

Қазақстанның басым аумағында күн құбылмалы болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғуы мүмкін.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейіп, боран соғуы мүмкін.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болып, түнде жел 18-23 метр/секундқа дейін күшейіп, боран болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы  15-20 метр/секундқа жетеді.

Хабарламаларға жазылу