Қазақстандықтар 2020 жылы қай елдерге визасыз бара алады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар 2020 жылы қай елдерге визасыз бара алады?

23.01.2020
Қазақстандықтар 2020 жылы қай елдерге визасыз бара алады?

Қазақстандықтар Грузияда бір жыл бойы визасыз жүре алады. Ал Арменияға 180 күнге визасыз баруға болады. Сол секілді, Әзірбайжан, Албания, Беларусь, Колумбия, Коста-Рика, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Намибия, Ресей, Түркия, Украина елдеріне 90 күн визасыз саяхаттай аласыз. 30 күн бойы Аргентина, Барбадос, Бразилия, Индонезия, Малайзия, БӘА, Сейшель аралдары, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Эквадор елдерінде де визасыз жүруге рұқсат бар. 

Қытайдың Хайнань аралына 30 күнге дейін визасыз кіруге мүмкіндік бар. Ал Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Чугучак пен Зимунайға 3 күнге бара алады.

Электрондық виза 

Кейбір елдердің консулдықтарының сайтынан электрондық виза алуға болады. Ол үшін де бірнеше құжаттар қажет, дегенмен электронды виза алу әлдеқайда оңай әрі тезірек. Электронды виза арқылы мына елдерге баруға болады: Бахрейн, Бенин, Вьетнам, Габон, Джибути, Зимбабве, Үндістан, Камбоджа, Катар, Кения, Кот-д’Ивуар, Лесото, Мьянма, Пәкістан, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, Сент-Китс және Невис, Сингапур, Уганда, Шри-Ланка, Эфиопия.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізілді. Шетелдіктер бұл электрондық визамен тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіріп-шыға алады.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

airastana.com

Хабарламаларға жазылу